2016 жылдың 09 сәуірде орыс тілі мен әдебиет оқытушысы И.В.Семенова СБ-11 тобында «Легкое дыхание» И.А.Буниннің әңгімесі» тақырыбы бойынша ашық сабағын өткізді.
Оқытушы сабақта қойған мақсаттары мен міндеттеріне жетті: И.А.Буниннің шығармашылығының бастауын ашуға ықпал ету, «Легкое дыхание» әңгімесінің мағыналық тереңдігі, көркем шығармаларының талдау дағдыларын қалыптастыру; логикалық ойлау қабілетін дамыту (қылықтарына талдау жасай білу, тұжырым жасау, жинақтау, авторлық ұстанымын анықтау, мәселелік сипаттағы сұрақтарға жауап беру; адамгершілік құндылықтарды тәрбиелеуге ықпал ету: студенттердің өзін жеке тұлға ретінде ұғынуға көмек беру, өздерін бір үлкен күрделі әлемнің бір бөлшегі ретінде түсіну.
Бұл үшін оқытушы әртүрлі оқыту әдістері мен амалдарын қолданды: проблемалық, ізденушілік, ақпаратты-технологиялық әдістері, жобалар әдісі, жеке, жаппай, топтық жұмыс, жұптық.
Сабақтағы көрнекілік материалы: И.А. Буниннің, шығармашыл отбасы мүшелерінің портреттері, презентация, қысқа мерзімді жобалардың технологиялық карталары, «Легкое дыхание» әңгімесінің суреттелуі, сызбалар, «Легкое дыхание» филмінен фрагмент, Свиридов вальсі, В.В.Савельеваның хрестоматиясы.
Сабаққа эпиграф ретінде ұлы Омар Хайям сөздері алынды:
Мы источник веселья – и скорби рудник.
Мы вместилище скверны – и чистый родник.
Человек, словно в зеркале мир, многолик.
Он ничтожен – и он же безмерно велик!
Оқушылар әңгіме кейіпкерлерінің бейнесін талдау кезінде дананың пікіріне жүгінді.
Сабаққа дайындала отырып, білім алушылар топпен әңгімені оқып, мазмұнын айтты. Библиографтар тобы зерттеушілік жобасын дайындады: «И.А.Буниннің шығармашылық өмірбаяны» жазушы шығармашылығының бастауын ашу мақсатында, әңгіме тарихымен танысу.
Сабақта білім алушылар сызбаларды қолдана отырып, көркем шығармаға түсініктеме берді, жауаптарды мәтін арқылы растау, автор сөзін және лақап сөздерді салыстыра отырып салыстырмалылық жұмысты орындады, қысқа мерзімді жобаларды жасады: Свиридов вальсінің әуенімен «Буниннің әңгімеде қолданылатын нышандардың мағынасын ашу» және «Судағы шеңберлер».
Кинофрагментті қарап, білім алушылар өз бетінше мәселелік сұрақтарға жауап берді, пікір-талас ұйымдастырылды, бұл пікір-таласта білім алушылардың көбісі жас Оля Мещерскаяның өліміне кім кінәлі екендігі туралы өз пікірлерін білдірді және өздері үшін тұжырым жасады. Болашақ мамандықтарымен байланыс жүзеге асырылды: бармен – бұл тіл табысуды талап ететін мамандық, әрдайым келушілермен сыпайы қатынас орнату қажет, клиенттер өз мәселелерімен бөліседі, шер тарқатады. Ең бастысы – өзге адамдардың мәселелеріне немқұрайлы қарамау, қарым-қатынаста психолог болу, сыпайлылық, әдептілікті таныту.
Өз алдында және адамдардың алдында ұят болатын қылықтарды жасамау.
Сабақта Буниннің өлеңдері жатқа айтылды, рөлдер бойынша оқытылды. Барлығына әңгіме үзіндісінен көрініс ұнады: актерлер өз рөлдерін жақсы сомдады.
Шығармашылық үй тапсырмасы: «Ар-ұятыңды жасынан сақта» тақырыбына эссе жазу, басты кейіпкерге сезімін білдіруге мүмкіндік береді, сабақ рефлексиясын жасау.
Әдебиет оқытушысы: И.В.Семенова