2016 жылдың 6 сәуірінде Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде облыстық оқу-әдістемелік қызмет көрсету саласының өндірістік оқыту шеберлерінің жұмысы шеңберінде «Өндірістік оқыту сабағы бәсекеге қабілетті маманды қалыптастырудың факторы» тақырыбына семинар өткізілді.

 

 

 

Бұл семинарға өндірістік оқыту шеберлері, колледж директорлары, оқу-өндірістік және оқу-әдістемелік жөніндегі директордың орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, сонымен қатар арнайы пәндер оқытушылары қатысты.

Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі директорының орынбасары С.И. Яновщенко «Өндірістік оқыту сабағы бәскеке қабілетті маманды қалыптастырудың шарты» баяндамасын ұсынды.

Семинар қатысушылары  өндірістік оқыту шеберлері Б.С. Баудинованың, И.И. Ковальчуктің, Е.Л. Симутинаның сабақтарына қатысты.

Лисаков техникалық колледжі оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі директордың орынбасары М.М. Кононенконың, сонымен қатар осы колледждің әдіскерінің, Г.М. Өтегенованың заманауи өндірістік оқыту сабақтарының талдауы және өзін-өзі талдау технологиясы бойынша шеберлік сабағын көрсетуі қатысушылардың аса қызығушылықтарын танытты.

Қостанай кәсіптік-техникалық колледждің өндірістік оқыту шебері Н.А. Чемезов және Рудный технология және қызмет көрсету колледжі өндірістік оқыту шебері Г.А. Пронина өндірістік оқыту сабақтарында білім алушылардың практикалық, өздігінен жұмыс жасау бойынша тиімді құралы ретінде нұсқаулық-технологиялық карталарды құрастыру және дайындау бойынша шеберлік сабақтарын өткізді.

Семинар қатысушыларына Қостанай технология және қызмет көрсету колледжінің зертханаларымен және шеберханаларымен таныс болуға, мәселелік сұрақтарды талқылауға, кейінгі жұмыстың жоспарларын құру мүмкіндігі ұсынылды.

 

Карта сайта