Информатика пәні бойынша ашық сабақтың өзін-өзі талдауы
Тақырыбы: «Internet жаһандық компьютерлік желісі. Ақпаратты іздеу»
Сабақ мақсаты:
Білімділік: Компьютерлік желілер жөнінде білімдерін жалпылау және қайталау, Ғаламтордың ақпараттық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;
Дамытушылық: Ғаламтор желісінің іздеу қызметтерінде ойлау, таңымдық қызығушылығын, жұмыс дағдыларын дамыту;
Тәрбиелілік: ұқыптылыққа, ынтымақтастыққа, жауапкершілікке тәрбиелеу және пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақ түрі: Аралас: білімді жүйелеу жіне жалпылау, практикалық жұмысы.
Сабақта қолданылатын әдістер: сөздік, көрсетілімдік, миға шабуыл, практикалық, ізденушілік, интерактивті, АКТ, рефлексия.
Сабақ нысаны: жұптық жұмыс.
Сабақ келесі кезеңдерге бөлініп, өткізілді:
ұйымдастырушылық – сабақ мақсаты және міндеттерімен таныстыру;
білім өзектілігі – сәйкестілікке тест жұмысы;
жаңа материалды игеру: білім алушылардың баяндамалары;
«Ғаламтор желісінде ақпаратты іздеу» тақырыбы бойынша практикалық жұмысы;
Өтілген материалды бекіту – электрондық тестілеу;
рефлексия, бағаларды қою, үй тапсырмасы.
Сабақ СО-18 тобында өткізілді, пән бойынша орташа білім деңгейіне ие. Білім алушылар жұппен жұмыс істеді. Өзектендіру ретінде әртүрлі деңгейлік тапсырмаларды қамтыған сәйкестілікке тест жұмысы өткізілді. Өзара тексеріс және қателермен жұмысы өткізілді.Барлық студенттер осы тапсырманы «4» және «5» бағаларына орындап шықты.
Білім алушылар келесі баяндамаларды дайындады:
«Ғаламтор желісіндегі қауіпсіздік ережелері» (Ахонова Елена),
«Ғаламтор желісінде ақпаратты іздеу» (Қазиева Мөлдір),
«Ғаламтор желісінде ақпаратты іздеу ережелері» (Терновая Маргарита).
Әрбір сөз сөйлеуінде презентациялар және бейнематериалдар көрсетілді. Ұсынылған ақпарат студенттердің ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған, Ғаламтор желісінде іздену сұраныстарын құру ережелерімен таныстырды.
Сабақтың практикалық бөлігі мына пәндер бойынша сқрақтарды қамтыған: химия, қазақ тілі мен әдебиеті, физика, Қазақстан тарихы, математика, өндірістік оқыту. Барлық білім алушылар жұптарға бөлінді, сұрақтарға жауап беріп, жасырылған сөзді табу қажет. Студенттер белсенді түрде жұмыс жасады, ұйымшылдықтары, белсенділіктері, қызығушылықтары аңғарылды. Барлық топтар тапсырманы орындап шықты. Нәтижесінде мына фразалар табылды: «Машиналар жұмыс істеуі қажет. Адамдар ойлануы қажет.» (IВM компаниясының ұраны).
Практикалық жұмысты орындағаннан кейін білім алушылар «Tester» бағдарламасындағы электрондық тестілеуді орындағы кірісті. 30% - «5» бағаға тестті орындап шықты, 50% - «4» бағасына, 20% - «3» бағасына орындады.
Қорытынды кезеңде – рефлексия – Ғаламтор желісіндегі жетістіктер мен кемшіліктерді дыбыстауды ұйғарды. Оң жақтары аталды: маңызды ақпарат көзі әртүрлі қала адамдарымен қарым-қатынас жасау; үйден шықпай тауарлар мен қызметтерді сатып алу; өз білімін тарату әдістері, тәжірибемен алмасу. Студенттер жаһандық желісінің теріс жақтарын да атады: Ғаламтордағы ақпарат жалған болып шығуы мүмкін; Ғаламторға тәуелділік пайда болады; ұйымдастыру жағынан алдау; Ғаламтор желісіндегі вирустар.
Соңында білім алушылар «Ғаламтор туралы ертегі» көңілді миниатюраны көрсетті.
Сабақ өткізу кезінде физика, математика, химия, өндірістік оқыту, қазақ тілі, Қазақстан тарихы пәндерімен байланысы байқалды.
Білім алушылар жоғары білім деңгейін көрсетті, өз бетінше пікірлерін білдіруі, логикалық ойлауы, сабаққа белсенді қатысуы байқалды.Сабақ өз мақсатына жетті.
Оқытушы: С.В.Соловьева