2016 жылдың 28 наурызынан 02 сәуіріне дейінгі аралықта ағылшын тілі пәні бойынша апталығы өткізілді. Бұл кезеңде келесі іс-шаралар өткізілді:
29 наурызда СМГ-11 және СМ-34 тобының білім алушылары арасында «World of professions» іс-шарасы өткізілді. Ағылшын тілі пәні бойынша сыныптан тыс іс-шараға тақырыпты таңдау, материал нысаны және материалды таңдау ағылшын тілі сабақтары жүйесінің орнына және өзектілігіне негізделеді.
«School, Professions» тақырыбы бойынша іс-шара өтілген тақырыптардың бекітілуі деп есептеледі және дамытушылық және тәрбиелілік құндылықтарды дәлелдейді. Осы іс-шараны өткізу нысаны сәтті таңдап алынған және осы оқыту сатысында тиімді, сонымен қатар білім алушылардың жас ерекшеліктеріне және қызығушылықтарына сәйкес келеді. Жетіспеген жақтары: көрермендер сайыстарға аз қатысты, көрермендер үшін тағы бір сайысты өткізу қажет еді.
Осы сыныптан тыс іс-шарасы сәтті өтті, себебі ешқандай жағымсыз сәттер байқалмады. Білім алушылар бар ынтасымен және қызығушылығымен бір-бірімен сұхбаттасты, белсенді түрде топпен жұмыс жасады, студенттердің мейірімді және көңілді жағдайда коммуникативтік ашылуын байқауға мүмкіндік болды. Іс-шараны өткізу кезіңде сыныпта достық және бір-біріне қол ұшын беру атмосферасы байқалды.
Іс-шараның алға қойған міндеттері мен мақсаттары жүзеге асырылды.
30 наурызда «English club» бұрышымен танысу мақсатында Л.Толстой атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасына экскурсияға барды. Экскурсияға СО-27, СК-28, СО-19 топ білім алушылары қатысты.
30 наурызда Tea party” іс-шарасы өткізілді, іс-шараның нысаны: танымдық әңгіме. Осы іс-шараға СПК-23, СП-27, СП-28 және СКК-24 топ білм алушылары қатысты. СПК-23 тобы іс-шараға белсенді түрде қатысты, жүргізуші ретінде Купреев Вячеслав сөз сөйледі, сонымен қатар Звездина Оксана, Мұқашев Қуаныш, Фаткеева Олеся және Фазылова Ксения Tea leaves тарихынан үзінді қойылымына қатысты. СП-28 тобының студенті Мусин Әділбек History of the Tea тақырыбына баяндама жасады. Іс-шара кезінде білім алушылар шай тарихы, түрлері, Англиядағы шай ішу дәстүрлері бойынша сұрақтарға жауап берді, шай туралы мақал-мәтелдерді ағылшын тілінен орыс тіліне аударды. Іс-шара достық нышанда өтті. Іс-шараның сонында білім алушылар, сонымен қатар көрермендер дәстүрлі ағылшындық алма бәлішінің дәмін татып көрді.. Өткізілген іс-шараға жауапты: ағылшын тілінің оқытушысы А.В. Котляренко.
31 наурызда СК-19 тобында Environment and ecology тақырыбы бойынша ашық сабақ өткізілді. Ашық сабақ кезінде әртүрлі тапсырмаларды орындады, ауа ластануы тақырыбын талқылады. Сабақ сонында өз жобаларын ұсынды, онда қоршаған ортаны қорғау бойынша әртүрлі тәсілдерді ұсынды. Сабақ үшін білім алушылар келесідей бағаланды: «5» бағаны Фишер Ольга және Постникова Оксана алды, «4» бағаны Фомин Игорь, Штырлова Татьяна және Синицына Татьяна алды, қалған алты білім алушы «3» бағасын алды.
1 сәуірде “April Fool’s Day” сыныптан тыс іс-шарасы өткізілді, бұл іс-шараға СН-17, СБ-11 топтарының бірінші курс студенттері қатысты, көрермендер ретінде СО-18 және СО-19 топтары қатысты. Іс-шараның нысаны: ойын-викторина. СН-17 және СБ-11 топтары өзара жарысты, олар әзіл сұрақтарға жауап берді, жаңылпаштарды айтты, ымдау және қимылдау бойынша сайыс өткізілді, онда қатысушыларға қимылдау және ымдау арқылы берілген жағдайды көрсетті, сонымен қатар жұмбақтар сайысы, сиқырлы квадрат және мәтінмен жұмыс, Күлкі күні мейрамы тарихы көрсетілді. Көрермендер викторинаға белсенді түрде қатысты, жарысушы топтарға сұрақтарға жауап беруге және сұрақтар мен жұмбақтарды аударуға көмек берді. СБ-11 тобы көп ұпай жинап жеңіске жетті. Іс-шара сонында барлық қатысушылар мен көрермендер Moustache Monkey ағылшын тілінде өлеңін айтты. Өткізілген іс-шараға жауапты: ағылшын тілінің оқытушысы А.В.Котляренко.