Жас ұрпақтты оқыту және тәрбие беру – мемлекетіміздің, қоғамымыздың, оқу мекеменің басты міндеттерінің бірі. Елбасымыздың жастарымыздың алдына 30 ең бәсекеге қабілетті дамыған елдердің қатарына кіретін қазіргі заманға сай және жаңа Қазақстанның құрылысын іске асыру міндеті қойылдыЖастарымыздың басты мақсаты мамандық пен сапалы білім алу, кәсіпқой маман атанып, тәуелсіз Қазақстанның пайдасына игі істерді атқару.
Өз тарихында кәсіптік білім қиын жолдарды бастан кешірді. Жаңа ғасыр өз өзгерістерін әкелді: оңтайландыру, реформалау, жаңа білім беру стандарттары. Бірақ барлық қиындықтарға қарамастан, техникалық және кәсіптік білім жүйесі өзінің тарихи миссиясын жалғастыруда – ел үшін білікті кадрларды дайындайды. 2016-2020 ж.ж. арналған Қазақстан Республикасы білім және ғылымды дамыту бойынша мемлекеттік бағдарлама жобасында мамандығының беделін арттыру және педагогикалық кадрлардың сапалы құрамын жақсарту, техникалық және кәсіптік білім беруде әлеуетін күшейту міндеттері артылды. Инновациялық негізде кадрларды даярлау жүйесінің қажеттілігі туындап отыр.
Дуалды оқыту жүйесі, өз мазмұны бойынша, білім беру мекемесінде және өндірісте қатар оқытуды білдіреді. Бұл жүйенің негізгі қағидаты теория мен практиканың өзара байланысы, білім алушылар тек қана өндіріспен танысып қана қоймай, сонымен қатар өнеркәсібі және тұрмыс саласының жұмыс орындарында жұмыс тәсілдері мен амалдарын меңгеру. Бұл жүйенің жоғары өміршеңдігі - бұл үрдістің барлық қатысушыларының мүдделеріне жауап беруімен түсіндіріледі: мемлекеттің, оқу мекемесі, студенттер мен кәсіпорын. Кәсіпорын үшін - тікелей өз өндірісі, өндірістік технологиялары мен жабдықтарында бұл кадрларды дайындау мүмкіншілігі, корпоротивтік мүдделеріне барынша сәйкестігі, жұмысшыларды іріктеу мен іздеуге қаржы мен уақытты үнемдеу, нақты кәсіпорының жағдайына оларды қайта оқыту және бейімдеу.Сонымен кәсіпорында перспективті жоспарлау мүмкіндігі пайда болады, жұмыс ресурстарын ауыстыру және үздік студенттерді іріктеу, өйткені оқыту кезінде олардың әлсіз және күшті жақтарын, іскерлік қасиеттерін анықтап білуге болдаы..
«Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК әлеуметтік әріптестік арқылы дуалды оқыту жүйесі іске асырылады.
Соңғы уақытта әлеуметтік әріптестігі кәсіптік білім беру саласында кеңінен таралуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру еңбек нарығында, жұмыс беруші, әлеуметтік әріптестерінің сұранысына бағытталған.
1218000 «Тамақ өндірісінің жабдық реттеушісі» оқытылатын мамандығы бойынша теориялық білімді жоғары білікті мамандар береді. Екінші курста «Баян-Сұлу» кондитерлік фабрикасында өндірістік оқыту шеберлерінің жетекшілігімен өндірістік оқыту сабақтары жүргізіледі.
Өндірістік оқыту сабақтарында алғашқы машықтарын алғаннан кейін, білім алушылар өндірістік практикаға жіберіледі.
Өндірістік практикадан өту кезінде өндірістік шебері өту тәртібінің сақталуын, әр практиканттың тәртіпт сақтауын қадағалайды. Студенттермен кәсіпорынның барлық жұмыскерлері сақтайтын ережелері, цех жұмысының басталу және аяқталу уақытын хабарлау, рұқсаттаманы сақтау және беру ережесі, күзетшілердің құқықтары мен міндеттері жайында әңгімелесу – студенттердің кәсіпорынның өту тәртібіне жылдам бейімделулеріне ықпалын тигізеді. Практиканттар цехтың табельді тәртібін сақтайды, және бұл тәртіп цехтарда бірқалыпты жұмыс жасауға септігін тигізеді Өндірістік оқыту шебері практиканың бірінші күнінен бастап студенттерді практикадан өтетін цехтың табельді есебіне қояды, жүйелі түрде практиканттардың тәлімгерлерімен кездесіп тұрады, цех басшысының ұсыныстары мен ескертулеріне құлақ асады. Бұзушылықтар туралы уақытылы ақпарат топ шебері мен цех тәлімгерінің келісілген жұмысы кезінде жойылады. Өндірістік оқыту шебері студенттерге үнемі өндіріс операцияларының еңбек тәсілдерін орындау дұрыстығы, еңбек және өрт қауіпсізідігін сақтау, еңбек тәртібі туралы, жұмысқа жауапкершілікпен қарау, цех жұмыскерлерін құрметтеу жайында естеріне салады. Практиканттардың жұмыс орындарының жағдайын қадағалай отырып, жұмыстарында кемшіліктерді анықтай отырып, шебер техникалық талаптардың сақталуына қажеттілігіне, сапалы жұмыс жасау көрсеткіштеріне аса назар аударады. Шебердің олардың өндірістік практикадан өтуін, жұмысты орындауын, шебердің уақытында көмек көрсетуі, практиканттарға өндірістік тапсырмаларды табысты шешуге, еңбек қатынастарын орындауға қажеттілігі мен пайдалылығына өз күштерін тесеруге мүмкіндік береді.
Өндірістік оқыту шебері әр практиканттың жұмыс орнында бейімделуін және бағдарламалық материалды орындау нәтижелілігінің сапасын қадағалайды.
Әр студентте өндірістік практикадан өту күнделігі бар, бұл күнделікке с тудент жасаған барлық жұмыс түрі жазылады. Шебер күнделікті қараған кезде студенттердің орындаған жұмысына талдау жасайды, олардың дәрежелілігі мен күрделілігі, сонымен қатар өндірістік оқыту журналына жазбаларды дұрыс енгізуге көмектеседі, осының бәрі барлық оқыту үрдісін басқару үшін маңызды.
Оқу мекемесі және кәсіпорында қазіргі заманға сай оқытудың жағдайында баламалық емес, өзара толықтырушылық болып табылады.
Оқу-өндірістік даярлығының тиімділігі оқыту және өндіріс технологияларының өзара байтылуымен қамтамасыз етіледі, кәсіпорында кәсіби қызметі үрдісінде және кәсіптік оқу мекемесінде оқыту жүйесінде үздіксіз білім беру жағдайын құру. Оқу мекемесінің ынтымақтастығының тиімді нысандары маманның сапалы даярлығын және арықарай жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз етеді.
Өндірістік оқыту шебері: И.А.Попкова