2024 жылғы 25 қыркүйекте Студенттік Парламенттің күзгі сессиясы 90 белсендіні, 8 фракцияның өкілдерін жинады. Парламент төрағасы, СКД-23 екінші курс тобының студенті Баямбаев Мадияр өткен кезеңде Парламенттің атқарған жұмысы туралы есеп берді. Әрбір фракция жаңа төраға мен орынбасарды сайлап, өзінің жобалары мен жаңа есепті кезеңге арналған жұмыс жоспарларын ойластырды. Парламентке студенттер мен колледждің игілігі үшін жемісті жұмыс тілейміз!

Карта сайта