Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні колледжде бірінші курс білім алушыларына арналған “Басында тек қана сөз болды” зияткерлік ойыны өткізілді. Студенттерге әртүрлі тілдерде сұрақтар қойылды, жұмбақтар, мақал-мәтелдер және халықтардың әліпбиіне қатысты сұрақтар қойылды. Білім алушылар сұрақтарға белсенді жауап беріп, тілдер туралы көптеген жаңа ақпарат алды. Ойынның жеңімпаздары СА-24 тобының студенттері болды.