Физика оқытушысы Л.А. Кушнарёва «Физиктер, алға!» эрудициялық ойынын дайындап, өткізді. «Физиктер, алға!». Іс-шараның мақсаты: қызықты ойын түрінде студенттерді материалды қайталауға, қарым-қатынасқа, өзара жәрдем беруге, өз-өзін қадағалауға, студенттердің шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту. Өткізу нысаны: зияткерлік ойыны.
Ойынға 1 курс студенттері қатысты: СО-18 – «Эйнштейндер» командасы, СК-19 – «Қуат» командасы, СБ-11 – «VirtusPro» командасы. Қатысушыларға өз интуициясын, тапқырлығын, командада жұмыс жасай алатындықтарын көрсету мүмкіндігі берілді.
Жарыс қатысушылардыңкоманда атауыменн, ұранын таныстыруымен басталды.
Ойын 6 раундтантұрды:
- «Кім көп?»,
- «Әрі қарай!Әрі қарай»,
- «Физика заттардың аукционы»,
- «Әуендә тап»,
- «Сөзді тап»,
- «Жұмбақтар».
«СБ-11» команда қатысушылар аса тапқырлықтарын танытты, бірақ соңғы жұмбақтар сайысында «СК-19» тобы алға шықты.
Турлар арасында жанкүйерлер үшін өз командалары үшін ұпайлар жинау және тәтті сыйлықтарды алу мүмкіндігі ұсынылды. Бірінші тапсырмада оларға бір жағдай берілді, сол жағдайды ойнату керек , Екінші тапсырмада жанкүйерлер физикаға қатысы бар заңдарды жазу қажет.
Ойын қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді: I орын – СК-19 тобы, II орын – СО-18 тобы, III орын – СБ-11 тобы.
Жалпы іс-шара достықты нышанда өтті. Барлығы 30 жуық адам қатысты.