«Методист»
бос лауазымға орналасуға конкурс өткізу туралы
хабарландыру
Білім беру ұйымының атауы - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы – индексі 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 68 үй.
Телефондары: 8-7142-54-28-15 (қабылдау бөлмесі), 8-7142-54-10-32 (вахта).
Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бос лауазымның атауы – методист 1,0 мөлшерлемеге – 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері:
- білім беру ұйымының оқу-әдістемелік жұмысын ұйымдастырады және талдайды;
- озық педагогикалық тәжірибені анықтау, жинақтау және енгізу бойынша білім беру ұйымының әдістемелік және циклдік комиссияларының жұмысын үйлестіреді;
- оқу-әдістемелік құжаттаманы дайындау бойынша жұмысты бақылайды, жұмыс оқу-жоспарлау құжаттамасын жасауға қатысады;
- білім беру ұйымының әдістемелік, пәндік және циклдік комиссиялары төрағаларының (меңгерушілерінің) жұмысын басқарады және үйлестіреді;
- педагог қызметкерлерді аттестаттауға дайындауға және өткізуге қатысады;
- озық педагогикалық тәжірибені анықтайды және жинақтайды, оқытудың инновациялық-дамытушы элементтерін, Үздік педагог - инноваторлардың жұмыс тәжірибесін практикаға енгізеді, педагог қызметкерлерге авторлық бағдарламаларды, оқулықтар мен оқу-әдістемелік әдебиеттерді әзірлеуге жәрдемдеседі;
- білім беру процесі мен әдістемелік жұмыстың тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар әзірлейді;
- оқытушылардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау семинарларын, конференцияларын, курстарын дайындауға және өткізуге қатысады;
- ашық сабақтар өткізуді және оларды талқылауды ұйымдастырады;
- әдістемелік кабинетті жабдықтармен, көрнекі құралдармен жарақтандыруды қамтамасыз етеді.
Еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары - салық шегерілгенге дейін 166 635 теңгеден бастап (мамандық бойынша жұмыс өтіліне, қолда бар біліктілік санатына және т.б. байланысты).
Біліктілік талаптары - жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім және білім беру ұйымдарындағы жұмыс өтілі кемінде 5 жыл; және (немесе) біліктіліктің жоғары деңгейі болған кезде: педагог-сарапшы үшін – кемінде 5 жыл; педагог-зерттеуші үшін – кемінде 6 жыл; педагог-шебер үшін - 7 жыл.
Құжаттарды қабылдау мерзімі - 2024 жылғы 07 тамыздан 15 тамыз аралығында.
Құжаттар тізбесі (электрондық немесе қағаз түрінде ұсынылады):
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін қызметке тағайындау, қызметтен босату қағидаларына 15 - қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса беріліп отырған құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке парақ (нақты тұрғылықты мекен-жайы және байланыс телефондары көрсетілген - бар болса);
4) педагогтердің Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) «Денсаулық сақтау саласындағы есептік құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде екі жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады;
11) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларына 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) кандидат үшін ұзақтығы кемінде 10 минут, ең төменгі рұқсатымен – 720x480 өтілі жоқ бейнепрезентация (өзін-өзі таныстыру).
Ескерту:
1) жоғарыда көрсетілген тізбеден құжаттардың біреуінің болмауы мыналар болып табылады кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіздеме;
2) кандидат болған кезде қосымша ақпарат береді, оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері);
3) жұмысты орындайтын орны – Қостанай қаласы, Абай даңғылы, 23 үй.