Физика пәнінің оқытушысы Л. А. Кушнарёва ҚҚКСК студенттерімен бірлесіп«Физика маңызды! Физика қажет» атты кішігірім театрландырылған қойылымын ұйымдастырды. Бұл қойылым Республика залында өткізілді. Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту; өз көзқарасын дәлелдей білу шеберлігін дамыту, сұхбатты жүргізу шеберлігін дамыту. Өткізу нысаны: рөлдік ойыны.
Рөлдер алдын-ала бөлінді: Менеджер - Горьков Герман, СП-27 тобы; Тергеуші - Тоқаев Глеб, СП-27 тобы; Журналист - Ушкова Карина, СП-27 тобы; Бизнесмен - Тарасов Никита, СП-27 тобы; Бас директоры - Маусымбаева Әлия, СП-27 тобы; Бас редакторы - Ликина Ксения, СП-27 тобы; Бөлім басшысы - Сложеникин Михаил. СП-27; Қызы - Чернышова Елена, СП-27 тобы; Максимов Артур - СП-27.
Қазіргі заманғы қоғамның дамуымен студенттерде «Физика не үшін керек?» өзекті сұрағы туындайды. Осы іс-шарада осы өзекті мәселесі талқыланды. Театрландырылған қойылымның қатысушылары студенттерге ойлану үшін қызықты материал ұсынылды.
Қойылым студенттер физика пәні және физика оқытушысы олардың басын қатырғаны туралы талқылады. Физика олардың өмірінде қажет емес, өйткені олар өз өмірлерін ол пәнмен байланыстырмайды.
Бірінші-заңгер боламын дейді, екіншісі - журналист, үшіншісі - бизнесмен, ал төртіншісі - менеджер. Әрқайсысы өз пікірінде қалады.
Содан бері 15 жыл өтті. Бұрынғы студенттер кезекпен жұмыс орындарында және үйде проблемаларға тап болады, туындаған мәселелер арқылы қай мамандықты таңдамасаң да, физиканы білу қажет екендігін түсінуге мүмкіндік береді.
Қорытынды бөлімінде қойылымның барлық қатысушылар физиканың маңыздылығы және оқу қажеттілігі жайында өлең түрінде қорытындылады.
Көрермендерге ұсынылған қойылым ұнады. Барлығы 40 адам қатысты.