25.02.2016 ж. СН-17 тобының, 1 курс студенттері арасында «Өз ойыны» ойыны өткізілді.
Ойын мақсаты: Сабақта алған білімін жинақтау, шеберлігін дамыту, тапқырлықты таныту, таңдаған мамандығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігіне, командамен жұмыс жасау, жеке қасиеттерін танытуға тәрбиелеу
Ойынға 5 адамнан 2 команда қатысты. 5 санаты ұсынылды (ағаш, металл, құрал-саймандар, бұйымдар, машинатану). Әр санатта сұрақтар әртүрлі бағаланады (10, 20, 30, 40, 50 ұпай). Кезекпен жауап берді. Жауап болмаған жағдайда сұрақ жойылды. Егер командаға «Қаптағы мысық» түссе, сұрақ басқа командаға қойылады. Әр командада атауы, ұраны, эмблемасы болды. Ойын сонында капитандар алған ұпайларын санады жеңімпаз атанды. Бүкіл ойын музыкалық сүйемелдеумен өтті. Сонымен қатар слесарлық аспаптар тақырыбына жанкүйерлерге жұмбақтар жасырылды.
Өткізілген іс-шара өтілген материал бойынша студенттердің білім деңгейін анықтауға мүмкіндік берді. Командада жұмыс жасай алуын және белсенді қатысуын көрсетті. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара өз мақсатына жетті. Ойын қызықты өтті, мамандықпен тікелей байланыста болды.
Ө\о шебері: И.А.Попкова