2024 жылдың 17 мамырында колледжде “Аспазшы” біліктілігі, СП-23/1 эксперимент тобының студенттері арасында Junior SKILLS-2024 чемпионаты өтті. Чемпионат барысында қатысушылар майлықтарды бүктеп, дастархан жайып, жемістерді керемет кесіп, келушілерге қызмет етіп, хош иісті Ташкент шайын ұсынды.