Математика оқытушысы Т.Е.Нечаева білім алушылардың шығармашыл және таңымдық белсенділігін дамыту, жауапкершілікті тәрбиелеу, математика пәніне қызығушылықты арттыру мақсатында математика бойынша жарыстарды ұйымдастырды.
Оқыту әдістері: сөздік, көрсетілім, практикалық, зерттеушілік, іздеушілік.
Өткізу нысаны: зияткерлік ойыны.
Бірінші курс студенттері қатысты:
- «Оба-на» командасы: Бабий Д., Архипова В., Лазаренко А., Ковалева О., Руденко Р., Распаева Д.;
- «Пингвиндер» командасы: Ергалиева А., Иванова В., Гуляева И., Токаев Г., Максимов А., Чернышова Е., Колесниченко И.
Студенттер аса қызығушылықпен белсенді түрде қатысты, сұрақтарға жауап берді. Әрбір сұраққа және тапсырмаға аса назар аударылды.
Дамытушылық мақсаттарға қол жеткізуге жағдай жасалды, атап айтқанда, сұрақтарға жауап беру кезінде білім алушылар белсенділігін танытты, көшбасшылыққа талпынды, сыйлықтарды ұтып алды. Сонымен қатар тәрбиешлік мақсатқа қол жетуге мүмкіндік берілді, сайыс барысында студентердің математика пәніне деген қызығушылығын оятты.
Ойын қорытындысы бойынша «Оба-на» командасы бірінші орынға ие болды, турнирде аса тапқырлықты танытты.
Іс-шараны жүзеге асыру барысында әр топ білім алушыларының жеңіске деген талпынысының, студенттердің белсенділігі және шебер бағыттылығы арқасында барлық мақсаттарға қол жеткізілді.
Іс-шараға 30-ға жуық адам қатысты.