Математика оқытушысы Ж.А Кусеубаева был «Менің мамандығымдағы математика» дөңгелек үстелі ұйымдастырылды. Мақсаты мен міндеттері- бастамшылықты тәрбиелеу, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қасиеттерді дамыту; коммуникативті құзыреттілікті қалыптастыру, дәлірек айтқанда өз пікірін білдірудің түрлерін игереді, өзге адамның сөз сөйлеуін тыңдай біледі және өз пікірлерін айта алады. Өткізу нысаныконференция.

 

Осы іс-шараға дайындық барысында, студенттермен алдын-ала тақырыпты таңдау және осы тақырып шеңберінде қызықтыратын сұрақтарды талқылады. Іс-шара және әрбір сөз сөйлеуі интерактивті презентациялар көрсетілді. Модератор, оның рөлін оқытушы сомдады, дөңгелек үстелді өткізудің негізі ережелерімен таныстырды. Сонымен қатар қонақтардың міндеті әңгімелесу барысында қорытынды талқылуға қатысушыларға сұрақтарды дайындау. I және II  курстың әртүрлі мамандықтардың студенттері қатысты:

  • «Даяшы» СО-18, СО-19, СО-27;
  • «Бармен» СБ-11;
  • «Реттеуші» СН-17;
  • «Наубайшы» СПК-23;
  • «Кондитер» СКД-26;
  • «Аспазшы» СП-27,СП-28.

Әр топ өз баяндамаларын дайындады, «Математика» пәні бойынша білімі олардың болашақ мамандығында қандай көмек беретіні туралы түсіндірді. Мысалы, «Даяшы», «Аспазшы», «Наубайшы» мамандықтарының студенттері математикалық шамалар, пішіні, ұзындығы, мөлшері, көлемі, салмағы және т.б., қажеттілігі жайында түсіндірді. Әртүрлі математикалық фигуралар түрінде майлықтарды бүктеу тәсілдері көрсетілді. СБ-11 тобы векторларды, бұрыштарды, жазықтықта объектінің орналысуы жөнінде білу керектігін көрнекілік түрінде көрсетті.

Дөңгелек үстелдің соңында келесі сұрақтарды талқылады:

  • Өз мамандығына деген студенттердің қызығушылығын дамыту үшін математика оқытушысына не қажет?
  • «Менің мамандығымдағы математика» сөйлемін естігінде студенттерде қандай ассоциациалар туындайды?
  • Қазіргі уақытта ауызша есептеулер өзекті ме немесе калькуляторды үнемі пайдалану  қажет пе?

Барлық қатысушылар талқылауға белсенді қатысты.

Іс-шара табысты аяқталды, өзекті болды, студенттерді «Математика» пәнінің маңыздылығы туралы ойлануға мүмкіндік берді

Барлығы 25-ке жуық адам қатысты.

«Математика және физика апталығы» ғылымға деген қызығушылығын арттыруға, білім алушылардың шығармашылық әлеуетін ашуға, бәсекелестік рухын тәрбиелеуге, топтың ауызбірлігіне, студенттердің ой-өрісін дамытуға ықпал етеді. 

Апталықты өткізу үрдісінде «Химия», «Информатика» «Экология», «Өндірістік оқыту», «Дене тәрбиесі», «Экономика», «Қазақстан тарихы», «Дүниежүзілік тарихы» және т.б. пәндерімен пәнаралық байланысы байқалды

Апталықтың әр шарасы жоғары деңгейде өткізілді, әр шара қызықты презентациялармен, көрнекі материалдармен, практикалық тапсырмалармен, бейне роликпен және т.б. жабдықталған. Сайыстар арқылы «Математика», «Физика» пәні бойынша жақсы әлеуеті мен қабілеттері бар студенттерді анықтауға мүмкіндік берді. «Физика және математики апталығында» I, II курстардан 200 білім алушы қатысты. СП-27, СБ-11, СО-18 топтарының студенттері жоғары белсенділіктерін танытты. Барлық қатысушылар грамоталармен, тәтті және пайдалы сыйлықтармен марапатталды.

Карта сайта