Математика оқытушысы  Ж.А.Кусеубаева «Қазіргі заманғы адамға математика қажет пе?» пікір сайысты өткізді. Іс-шараның мақсаты: пәнаралық байланысты көрсету, математика пәніне қызығушылықты арттыру; интелектуалдық, лингвистикалық, коммуникативтік дағдыларын, сыни тұрғыдан ойлауды дамытуға ықпалын тигізу; білім алушылардың ақпаратты іздеу және өңдеу дағдыларын, дау стратегиясын анықтау шеберлігін, пікірталас  жүргізуді; қалыптастыру шыдамдылық, әңгімелесушіні тыңдай білуді, топпен жұмыс жасай білуді тәрбиелеу.

МІНДЕТТЕРІ:

  • Жалпы мәдени ой өрісін кеңейту
  • Интеллектуалдық қабілеттерін дамыту
  • Зерттеушілік және ұйымдастырушылық дағдыларын дамыту
  • Коммуникативтік шеберлігін дамыту
  • Шешендік қабілеттерін дамыту
  • Топпен жұмыс жасау шеберлігін дамыту

Пікір сайыс Карла Поппердің классикалық форматы бойынша өткізілді. 2 топ қатысты:

  • Жақтау командасы: СКД-26 тобы мына құрамда:

Бузюкина Е., Черныш И., Боксбергер С., Кель Г.;

  • Терістеу командасы: СПК-23 тобы мына құрамда:

Меланич В., Капташаров Т., Балмағамбетов А., Дермер В.

Пікір сайыс регламентінің сақталуын және ойын ережесін таймкипер қадағалады – Барамбаев Б. СБ-11 тобының студенті.

Әділқазылар алқасы командаларды келесі критерийлер бойынша бағалады:

  1. Дәлелдер мазмұндылығы.
  2. Тезистердің дұрыстығы
  3. Сұрақтарды қоя білу шеберлігі
  4. Шшендік өнері
  5. Көз жеткізерлігі
  6. Регламентті сақтау
  7. Қарсыластарын құрметтеу

Командалар пікір сайыс кезінде төрешілерді өздерінің дұрыс пікірде екендігін сендірдіКомандалар спикерлері ойынның жоғары шеберлігін көрсетті, сөйлей алу қабілеттілігін, өз көзқарастарын білдіру, сендіру. Пікір сайыстың өткізілуі ешкімді де назардан тыс қалдырмады, тезис студенттер үшін өзекті болды. Команда спикерлері мамандықпен байланысын көрсетті, осы тақырып бойынша алдын-ала презентация дайындады..

Төрешілер екі команданын да сөз сөйлеулерін тыңдады, жақтау жағын да, терістеу жағын да. Команда «Жақтау» командасы, «Терістеу» командасына қарағанда көп дәлел келтірді. «Жақтау» командасының спикерлері келтірген мысалдары өте жарқын болды, Екі топта да сөйлеуді құру логикасы жақсы аңғарылды. Төрешілік коллегиясы, «Жақтау» командасының ең жақсы спикері Бузюкина Елена болды деп санайды, көрермендердің қызығушылығын тудыра білді.. Терістеу командасының ең үздік спикері  Меланич Владислав атанды,  өйткені оның сөз сөйлеуі эмоционалды және есте қаларлық болды. Көрермендер командаларға сұрақтарын қойды, студенттер белсенді түрде қатысты. Пікір сайыс нәтижесінде, «Жақтау» командасы  1 орын алды. 1, 2 курстар белсенді қатысты. Барлығы 30 жуық адам қатысты.

Карта сайта