2024 жылдың 28 наурызында Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында әңгіме өткізілді. Іс-шараның мақсаты жастарды жеке тұлғаның негізін құрайтын адамгершілік нормаларына тәрбиелеу және студенттердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру болды. Іс-шараға қатысушылар контингенті - 25 адамды құрады. Іс-шара барысында студенттерді сыбайлас жемқорлық ұғымымен, күрес әдістерімен және сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін жазалау шарасымен таныстырды.