2016 жылдың 18 наурызда 1 және 2 курс студенттері арасында «Білгір» интеллектуалды ойын өткізілді.
Мақсаты: Оқушыларды жанжақты ой-өрісі кең, өз елінің, халқының, қамын ойлайтын азамат болуға баулу, ынтасын, қызығушылығын арттырып, ой-қисынын дамыта отырып, адамгершілікке, жауапкершілікке баулу.
Бұл іс-шараға СКД-26 және СБ-11 тобының студенттері қатысты. Алты адамнан екі топ болып отырды. Топтарды қолдайтын жанкүйерлер де ойынға қатысты. Ойын ҚР әнұранымен басталып, Наурыз мейрамымен құттықтау сөздеріне ұласты. Наурыз туралы слайдтар қойылып, күйтаспадан ән орындалды.
Сайыс барысында СБ-11 тобының ұпай саны СКД-26 тобыныңы ұпай санынан басым болып, алға озып шықты. Сайыс соңында екі топтың қатысушыларына марапаттау қағаздары беріліп, алғыс айтылды.