22.02.2016 ж. СК-19 тобында сайыс өткізілді.

Сайыс мақсаты: Эститетикалық безендіруге үйрету, шеберлікті дамыту, тапқырлықты танытуға, таңдаған мамандықтарына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу, ұжымшылдықты, өздерінің жеке қасиеттерін танытуға ниет білдіруге тәрбиелеу. 

Сайысқа 4 адамнан 2 команда қатысты. Тапсырмалар ұсынылды, орындалуын келесі құрамдағы әділқазылар алқасы бағалады:

Ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары- Г.Х.Жанзакова

Ө/о шебері- О.Н. Шикина

Ө/о шебері- И.А.Попкова

Іс-шараның барысында командаларға келесі тапсырмалар ұсынылды:

1 тур - «Визит кәртішкесі». Бұл турда  команда қатысушыларын, команда атауын, эмблемасымен таныстыру. Өздерінің болашақ кондитерлік фабрикасының  суретін салып келу деген үй тапсырмасын көрсету. Сайыс бес  ұпайлық жүйесімен бағаланды.

2 тур - «Блиц-сауалнама» мамандық бойынша теориялық білімдерін анықтау,  әрбір дұрыс жауабы командаға бір ұпайдан қосады.

3 тур - «Практикалық тапсырма» әр командаға бірдей азық-түлік саны ұсынылды, әр команда 7 минут ішінде кондитерлік өнімдерді дайындауы қажет, қатысушылар тапсырманы орындап жатқан кезде жанкүйерлер жұмбақтарды шешті. Үшінші тур бес ұпайлық жүйемен бағаланды.

4 тур - «Капитандар сайысы» команда капитаны кондитерлік шикізатты жабық көзбен дәміне қарай ажырату керек. Сайыс қызықты өтті. Соңында барлық қатысушылар би нөмірін көрсетті.

Өткізілген іс-шара студенттердің өтілген материал бойынша білім дәрежесін анықтауға мүмкіндік берді, командамен жұмыс жасай алатындығын және белсенді қатысуға ниеттерін көрсетті. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.

Іс-шара өз мақсатына жетті. Сайыс кезеңдері қызықты өткізілді, осы мамандыққа тікелей байланысты.

 

Ө/о шебері: С.А Лейберт

Карта сайта