02.03.2016 ж. СКК-24 тобының, 2 курсында «Үздік бақылаушы-кассир» сайысы өткізілді..
Сайыс мақсаты:
1. Мамандық бойынша кәсіби даярлығының білім сапасын,шеберлігін және машықтарын анықтау.
2. Білім алушылардың кәсіби шеберлігін анықтау.
3. Игеруші мамандығына студенттердің қызығушылығын арттыру.
4. Кәсіби машықтарын игеруге оң мотивациясын қалыптастыру.
5. Мамандықтың маңыздылығын және мәртебесін арттыру.
6. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту.
7. Бақылаушы-кассир мамандығы бойынша үздіктерді анықтау.
Сайысқа 4 адаманан 2 команда қатысты. Тапсырмалар ұсынылды, олардың орындалуын келесі құрамда әділ-қазылар алқасы бағалады::
Ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары - Г.Х.Жанзакова
Ө/о шебері- О.Н Шикина
Ө\о шебері- С.А Лейберт.
Іс-шараның барысында командаларға келесі тапсырмалар ұсынылды:
1 тур - «визит кәртішкесі». Қатысушылар өз командасын, капитанын, комана атауымен және ұранымен таныстыру қажет. Топтардың сөз сөйлеу кезегі топ № өсу тәртібімен анықталады. Сайыс бес ұпайлық жүйесімен бағаланды.
2 тур - «Блиц-сауалнама» мамандық бойынша теориялық білімдерін анықтау, әрбір дұрыс жауап командаға бір ұпайдан қосты.
3 тур - «Шешімін тап» жанкүйерлер үшін жұмбақтар.
4 тур - «Бөшкеден шыққан басқатырғылар» бұл таңбалау, талдама жасау бойынша тапсырмасы. Әр қатысушыға бөшкеден әріпті алып шығып, азық-отүлік емес тауарларды тану пәнін пайдалана отырып оны, таңбалау, мағынасын ашу . Әр дұрыс таңбалау мен мағынасын ашқаны үшін 1 ұпайдан қосылады.
5 тур - «Ассортимент білгірі». Командаларға алуан түрлі тауарлар тобы берілді. 3 минут ішінде бұл тауар топтарының ассортиментін жазу. Тауар атауы көп болған сайын, командалар соғұрлым көп ұпай алды. Әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпайдан-3 ұпайға дейін..
6 тур - «Бір қарағаннан» және «Жадыны тексереміз» капитандар үшін тапсырмалар.
Өткізілген іс-шара өтілген материал бойынша студенттердің білім дәрежесін анықтауға мүмкіндік берді, командада жұмыс жасауды және белсенді қатысуға тілек білдіру. Барлық қатысушылар тәтті сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара өз мақсатына жетті. Сайыстың барлық кезеңдері қызықты, еркін, өз мамандықтарымен байланыста өткізілді.
ө\о шебері: Ж.Б Мулдашева