2016 жылдың 3 наурызда технологиялық апталығы шеңберінде «Шебер қолдар» ашық іс-шарасы өткізілді. Сайысқа 2 курс студенттері қатысты: СКД-26 тобы, «Кондитер» біліктілігі және СПК-23, «Наубайшы» біліктілігі.

 

 

 

 

 

Сайысты өкізудің мақсаты:

Білімділік:  «Кондитердің жеке бас гигиенасы қауіпсіздік техникасы», «Ұннан жасалатын кондитерлік өнімдерге жартылай өнімдерді дайындау», «Ашытылған қамырды және одан жасалған өнімдерді дайындау» өтілген тақырыптар бойынша білімдерін, шеберлігі мен машықтарын бекіту.

Дамытушылық: білім алушылардың танымдық белсенділігін дамыту, кәсіби терминдер мен машықтарын қолдану арқылы сауатты түрде сөйлеуді дамыту үшін жағдай жасау.

Тәрбиелік: Мамандықты игеру кезінде берілген тақырыптардың маңыздылығын және қызмет нәтижелілігі сезімдеріне тәрбиелеу, теориялық білімді игеру ке кезінде ұқыптылық пен зейінділікті тәрбиелеу,ынтымақтастық машықтарын және  бір-бірімен қарым-қатынас шеберлігін дамыту.

Іс-шара барысында командалар теориялық білімдері бойынша жарысты, зияткерлік жаттығулардың сұрақтарына жауап беру, өздерінің болашақ мамандықтарының кәсіби бағыты жазылған өз қолдарымен жасаған газеттерін ұсынды. Байқауға қатысушылар тоқаш өнімдерінің ассортименті бойынша білімдерін көрсетті, еңбек тәсілдерінің тізбектілігін шебер, тез, дұрыс орындай отырып, тоқашты қамырды бөліктерге бөліп, түрлі тоқаштарды жасады. Қорытынды бөлімінде капитандар сайысы өткізілді, бұл сайыста ұсынылған кәртішкелерден дұрыс жауапты тауып алуы керек. Барлық қатысушыларға, сонымен қатар жанкүйерлерге  сайыс өте ұнады, сайыстар арасында үзілістерде студенттер нан туралы мақал-мәтелдерді естеріне түсіріп, осы тақырыпқа арналаған өлеңдерді оқыды. Бес сайыс қорытындысы бойынша «Виктория» командасы (СКД-26) - 45 ұпай есебімен «Ника» командасын (СПК-23) - 42 ұпай жеңді. Командалар грамоталармен және тәтті тағамдармен марапатталды. Іс-шараның барысындабілім алушылар өз білімдерін, шеберлігі мен машықтарын көрсетті, кәсіби терминдерді қолданды, сонымен қатар зейінділік және бір-бірімен қарым-қатынас  шеберлігін көрсетті. Іс-шара өз мақсатына жетті.  

 

 

Өндірістік оқыту шебері: Е.Л.Симутина

Карта сайта