Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде "Оқырман колледжі" тұжырымдамасын іске асыру аясында № 2 корпус кітапханасында бірінші курс студенттерімен "Кітапхана табысқа жету аумағы" акциясы өтті. Бұл күндері кітапхана бойынша экскурсиялар, кітапхана қорымен, колледж кітапханасын пайдалану ережелерімен танысу өтті. Оқудың функционалдық сауаттылығына ерекше көңіл бөлінді. Кітапханашы студенттермен бірге оқу ережелерін, кітап құрылымын, мәтінмен негізгі жұмыстарды, анықтамалық басылымдарды, мерзімді басылымдарды және электрондық ресурстарды қалай пайдалану керектігін еске алды.

.

Карта сайта