29.02.2016 ж. СПК-23 тобында «Наубайшы» біліктілігі және СКД-26 тобында квалификация «Кондитер» біліктілігі «Сен бішлесің бе?» сайысы өткізілді.
Сайыс мақсаты: Ашытқы қамырды дайындау бойынша студенттердің білімідерін бекіту, шығармашылық ойлау қабілеттерін дамытуға ықпал ету; қызығушылығын және командаға деген жанашыарлық сезімдеріне тәрбиелеу; өздерінің үздік жеке қасиеттерін танытуға тілек білдіру.
Сайыс міндеті:
1. Алған білімдері мен шеберліктерін бекітуге ықпал ету.
2. Ұжымшылдық сезімдерін, жеке қасиеттерін дамыту.
3. Проблемалық жағдайда ойлау қабілеттерін белсендендіру.
Сайысқа төрт адамнан 2 команда қатысты. Тапсырмалар ұсынылды, тапсырмалардың дұрыстығын мына құрамдағы әділ-қазылар алқасы бағалады:
Әдіскер: Г.Х. Жанзакова.
Аға шебері: Е.Г. Морозова
Өндірістік оқыту шебері: И.А. Попкова
Іс-шара барысында командаларға келесі тапсырмалар ұсынылды:
1 тур визит кәртішкесі және мамандық бойынша жарнамасы. Онда командалар қатысушыларымен, команданың атауымен, эмблемасымен және мамандық бойынша жарнамасымен таныстырды. Сайыс бес ұпайлық жүйесімен бағаланды.
2 тур «Сен қауіпсіздік техникасын білесің бе?», онда командаларға өндірістік нұсқаулық бойынша сұрақ берліді берілді , әр дұрыс жауап командаға 5 ұпайдан қосты.
3 тур «Бұны білесің бе?» ашытылған қамырды дайындау технологиясы бойынша білімдерін анықтау, студенттер жақсы білімдерін көрсетті және әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан алды.
4 тур «Капитандар сайысы қара жәшіктегі шикізат құпиялары». Капитандар алдынашикізат салынған қара жәшіктер қойылды, капитандарға көмек беру арқылы жәшікте қандай шикізат жатқандығын айтып беруі қажет, осның арқасында капитандар өз қоржындарына 5 ұпайдан қосып отырды.
5 тур «Досыңа көмектес» бұл турда зиян және қауіпті факторлар қарастырылды, осының арқасында қатысушылар өздерінің жарақат, жазатайым оқиғалар бойынша өз білімдерін бекітті. Әр дұрыс жауабы үшін 5 ұпайдан алды.
6 тур «Триггерлік суреттер» бұл тур командалар үшін ең қызықты болды, қатысушыларға кесілген түрде нан-тоқаж өнімдерінің суреттері ұсынылды, командаларға тез және дұрыс суретты құрастыру қажет, бұл тур 5 ұпаймен бағаланды.
Сайыс өте қызықты және еркін түрде өткізілді. Әділ-қазылар алқасы қортындысын щығарып жатқан уақытында, көрермендерді қызықтыру мақсатында жұмбақтар жасырылды, сонымен қатар мақал-мәтелдердің жалғастырды және сол үшін тәтті сыйлықтарға ие болды. Сайыс қорытындысы бойынша СКД-26 тобының «Керемет төрттік» командасы 1 орынға ие болды, СПК-23 тобының «Мейірімді наубайшы» командасы 2 орын алды.
Өткізілген іс-шара студенттердің ашытылған қамырды дайындау бойынша білім деңгейін анықтауға мүмкіндік берді, студенттердің командада жұмыс жасай білетіндерін көрсетті: бірлігі және барлық турға белсенді қатысуларына тілек білдірулері.
Қатысушылар естелік сыйлықтарымен, тәтті сыйлықтармен, грамоталармен марапатталды.
Іс-шара өз мақсатына жетті. Сайыстың барлық кезеңі еркін, қызықты өткізілді, жоғарыда аталған мамандықтармен байланысты болды.
Ө/о шебері: О.Н.Шикина