2016 жылдың 15 наурызда СО-27 даяшылар тобында топ студенттерінің арасында байқау іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараның мақсаты өндірістік оқыту бойынша практикалық шеберлігі мен машықтарды тереңдету болды. Ұжымшылдық, серіктестікті тәрбиелеу.
4 адам іс-шараға қатысты: Дисюмбин Бопан, 2. Ефанов Валерий, 3. Пушина Юлия, 4. Чалов Руслан. Топтың өзге білім алушылары жанкүйерлер болды.
Қатысушыларды іс-шараның басында байқау өткізу ережесімен таныстырды. Байқау бес турдан тұрды:: 1. «Визит кәртішкесі», 2. «Блиц сауалнама», 3. «Үстелді сәңдеу», 4. «Сүлгілерді бүктеу», 5. «Табақпен қозғалыс». Барлық турлар бес ұпайлық жүйесімен бағаланды.
Іс-шараға әділ қазылар алқасы мүшелері қатысты: әдіскер Г.Х Жанзакова, өндірістік оқыту шебері Баудинова Бибигул Сәлімқызы, өндірістік оқыту шебері Свиридова Ольга Викторовна.
Бірінші турда қатысушылар өз жайында презентацияларды көрсетті.
Студенттер екінші турда тестілеу кезінде мамандық бойынша өз теориялық білімдерін көрсетті. Тестілеу кезінде қатысушылар үшін жанкүйерлер арасында мақалдарды, тамақ туралы аффоризмдер мен мәтелдерді біліміне, сонымен қатар әдеби сұрақтары және логикалық тапсырмаларды жасады.
Үшінші турда қатысушылар үстелге ыдыс-аяқтарды қоюдың практикалық шеберліктерін көрсетті.
Қатысушылар үшін төртінші туры - шығармашылық туры болды. 3 минут бойына әртүрлі тәсілдермен майлықтардың көп бөлігін бүктеу қажет.
Бесінші турда қатысуышлар суға толтырылған фужерлері тұрған табақпен жылдам, шебер, абыржусыз қозғалатындықтарын көрсетті.
Әділқазыдар алқасы орындалған жұмыс сапасын бағалады, барлық сайыстардың қорытындысын жасады және жеңімпаздарды жариялады. Сайыс сонында студенттерді грамоталармен және тәтті сыйлықтармен марапаттады.
Іс-шара студенттердің өтілген материал бойынша білім дәрежесін анықтауға мүмкіндік берді, крмандада жұмыс жасауға деген ниет тілегін көрсетті.
Сайыс өз мақсатына жетті. Барлық турлар өте қызықты және барлығы да «Даяшы» мамандығымен байланысты өткізілді.
Өндірістік оқыту шебері: М.Н.Кирсанова