Жер жүзінде керемет мамандықтар көп. Олардың бірі– наубайшы.

Бұл мамандықта жұмыс жасайтын адамдар кез-келген қоғамда  киелі ас  болып есептелетін   нанмен жұмыс  жасайды. Себебі ас атасы - нан.Наубайшы мамандығы бойынша жұмыс жасау кезінде, сіз тұрақты табыс тауып қана қоймай, сонымен қатар өзіңізді және жақындарыңызды қуантасыз.

 

 

 Әр мамандықта өзінің жетіспеушіліктер қатары бар .Біріншіден наубайшы жұмысы бұл ауыр физикалық  жүктеме. Бұл үнемі қамырмен жұмысы, ауыр, ыстық табалармен,плиталармен, пісіру пештерімен жұмыс. Осының бәрі жоғары төзімділік  деңгейді талап етеді. Наубайшы кәсібі  адамзатқа ежелден белгілі.  Нан пісіру үрдісі жүздеген жылдар бойына еш өзгермеген, тек қана технологиялық үрдісі заманға сай өзгерді.

Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі зертханасында технологиялық апталығы шеңберінде нан тоқаш өнімдерінің дегустация жәрмеңкесі өткізілді. Осы іс-шараның мақсаты болып табылады: білім алушыларда білімін, шеберлігі мен машықтарын дамыту, еңбекке, нанды құндай білуге  адал қарым-қатынасы.

Бірінші курс студенттері шақырылды. Зертхана мерекелік әшекейленген, күлдіргі тақпақтар, мақалдар, жұмбақтар  жазылған плакаттар, шарлар, жалаушалар ілінген.

Осылардың барлығы көңілді жәрмеңкелік әнмен сүйемелденді. Іс-шараның басы импровизация түрінде өткізілді. Шебер бірінші кезеңде нан туралы өлеңдерді оқыды, СПК-23 тобының білім алушысы Фаткеева Олеся нан туралы аңызды айтып берді. Екінші кезең: жұмбақ шешу тапсырмасы берілді. Үшінші кезең: кім көбірек нан туралы тақпақтар мен мақалдарды айтады. Төртінші кезең: нан тоқаш өнімдерін дайындау және пісіру бойынша өндіріс желісі бойынша слайдтар көрсетілді. Қортынды кезеңде бір кесе шәймен нан тоқаш өнімдерінің дегустациясы болды.

Білім алушылар дәмді пісірім және іс-шараның қызықты бағдарламасына жақсы пікірлерді қалдырды. Іс-шара қорытындылай отырып, барлық алға қойылған мақсаттарға жетті деп айтуға болады.

Наубайшы суретші, Наубайшы-жасампаз,

Ол қалыптаушы да, қамыр илеуші,

Пісірімді қояды және нан пісіреді

Оған аса даңқ пен мәртебе!

 

Ө/о шебері: А.К. Ілиясова

Карта сайта