Колледжде 2023 жылдың 16 наурызында "Тамақтандыруды ұйымдастыру" ЦӘК технологиялық апталығы аясында "Жапония ноталары" шеберлік сабағы өтті.
Өндірістік оқыту шеберлері О.Н. Шикина мен С.Б. Қадирбаева суши-донаттар, жапондық "Моти" десерті мен панкейктерді дайындау технологиясын көрсетті.
Студенттер үлкен қызығушылық танытты және ө/о шеберлерінің жетекшілігімен бәрін дайындауға қуанышпен және ынтамен тырысты.