16.02.2023 жылы «Жасөспірімдер арасындағы аутодеструктивті мінез - құлық пен тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу» тақырыбы бойынша директордың, әкімшіліктің, оқытушы-психологтың қатысуымен офлайн режимде жалпы колледждік ата-аналар жиналысы жоспарланып, өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты: аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу мәселелерінде ата-аналардың психологиялық сауаттылық деңгейін арттыру, отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мәселелерінде психологиялық қолдау көрсету, ата-аналарға өздерінің ата-аналық мінез-құлқын талдауға көмектесу, жасөспірімді тәрбиелеудің жағымды жақтарына назар аудару.
Ұйымдастырушылық сұрақтармен колледж директоры Д.Б. Жанарстанова сөз сөйледі, тақырыптық сұрақтарды оқытушы-психолог А.С. Лещенко және тәрбие жұмысы бойынша директордың орынбасары Л.А. Кушнарёва ашты. Жиналыс барысында отбасылық фактордың жасөспірімнің даму ерекшеліктеріне әсері, баланың жетістігі мен отбасындағы қарым-қатынастардың үйлесімділігіндегі ата-аналардың психологиялық сауаттылығының маңыздылығы, тұрмыстық зорлық-зомбылық сияқты мәселелер қаралды. Жасөспірімдердің аутодеструктивті және девиантты мінез-құлқының себептерін түсініп, кездесуге қатысушылар баланы қолдаудағы отбасының мүмкіндіктерін талқылады. Жиналыс соңында ата-аналарға жасөспірімнің жеке басына деген құрметті қалай тәрбиелеу және оның проблемаларын түсінуді үйрену туралы ұсыныстар берілді, практикалық тапсырмалар, жаттығулар өткізілді.
Толық ақпараттан кейін ата-аналардың сұрақтарына жауаптар берілді.
Жиналыс ата-аналарға көп нәрсені түсінуге және жасөспірімдердің психологиялық денсаулығы мен құқықтарын қорғау үшін профилактикалық іс-шаралар қажет екендігімен келісуге көмектесті деп үміттенеміз.