07.02.2023 ж.. «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК «Тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу» циклдік әдістемелік комиссиясының пәндік апталығы аясында өндірістік оқыту шебері Аягөз Картаевна Ильясова «Ұлттық нан-тоқаш өнімдерінің көрме-дәмін тату» шеберлік сыныбын өткізді. «Наубайшы» біліктілігінің екінші курс студенттері сол біліктіліктің бірінші курс студенттеріне өздерінің дағдыларын көрсетті. Олар бірінші курс студенттеріне нан-тоқаш өнімдерін қалыптастыруды үйретті, шеберлік сыныбының әрбір қатысушысына жеке көзқарас танытты.

 

Карта сайта