08.02.23 ж. «Тамақ өнімдерін өндіру және қайта өңдеу» ЦӘК технологиялық апталығы шеңберінде пө/о шебері А.К. Казбекова және арнайы оқытушы А.Б. Бірімжанова «Ет және ет өнімдерін өндіру» мамандығы бойынша СФ-20 және СОЛ-21 топтарының студенттері арасында «Ойлануға уақыт келді» квест-ойыны өткізілді. Іс-шара барысында білім алушылар өздерінің кәсіби білімдерін, іскерліктері мен дағдыларын көрсетті. Ойынның әр кезеңінде білім алушыларды ө/о шеберлері мен оқытушылар қарсы алды. Ребустар, ет өнімдерінің пайда болу тарихы, технологиялық процестерді анықтау, ет өнімдерін таңбалау және тағы басқалар білім алушыларға ойын станцияларынан өтіп, соңғы тапсырманы орындауға мүмкіндік берді. Квест-ойынның қорытындысы бойынша 1 орынды 3 курс СФ-20 тобы иеленді. СОЛ - 21 тобы да жақсы нәтиже көрсетті. Квест ойынына қатысушыларды құттықтаймыз. Сіздерге үлкен жеңістер тілейміз!

Карта сайта