Студенттік Парламенттің қысқы сессиясы өтті. Бірінші семестрдің қорытындысы шығарылды, келесі семестрдің жоспарлары бекітілді. Парламент төрағасының қанағаттанарлықсыз жұмысына байланысты қаңтар айының соңына дейін өтетін ашық сайлау өткізу туралы шешім қабылданды. Парламент жұмысына колледж директоры Д.Б. Жанарстанова қатысты, ол активке жол жүру ақысын төлеу шарттарын түсіндірді, колледж асханасында тамақтану бойынша сұрақтарға жауап берді. Студенттер парламент фракцияларының бүкіл семестрге арналған жұмыс регламентін бекітті.