Мейрамова Раушан Қабдрашитқызы Қостанай қалалық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары және Асанова Гүлзада Қабдубекқызы - Қостанай қалалық сайлау комиссиясының хатшысы «Жастар - мемлекеттің бас күштерінің авангарды» СМ – 22 тобының білім алушыларымен іс-шара өткізді.
Жыл сайын ақпанның бірінші бейсенбісінде Дүниежүзілік сайлау күні атап өтіледі. Бұл мереке азаматтардың сайлауға қатысу құқығын және демократиялық құқықтар мен бостандықтарды құрметтеуді білдіреді.
Балаларға Қазақстан Республикасындағы сайлау жүйесі туралы айтылды, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заңның негізгі ұғымдары түсіндірілді, символдық сыйлықтар берілді. Іс-шара Қазақстан Республикасының Болашақ сайлаушылары мен азаматтары үшін қызықты әрі танымды болды!