2022 жылғы 15 қарашада Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде жұмыс беруші Күні аясында әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілер үшін Ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты кадрларды даярлау сапасын арттыру бойынша жұмыс берушілермен тиімді ынтымақтастық деңгейін арттыру болды.

Бүгін біздің колледжге келесі әлеуметтік серіктестер келді: - «Глория» МҚК, «Мясоед» мейрамханасы, «Тұрар» ЖШС, «Просто еда» ЖШС, «Золотой Фазан» МҚК, «First» мейрамханасы, «Любимая Ева» кондитерлік цехы, «Oil-центр» тамақтану пункттерінің желісі, «АвтоДом» кафесі кәсіпорындардың басшылары мен өкілдері.

Қонақтар үшін колледждің оқу кабинеттері мен зертханалары бойынша таныстыру экскурсиясы өткізілді, оқытушылар мен студенттердің диалог алаңында жұмыс берушілермен кадрлар даярлаудың өзекті мәселелері жөнінде кездесу ұйымдастырылды.

Карта сайта