Сабақтың тақырыбы: «Ы. Алтынсарин»
Сабақта келесі мақсат, міндеттер іске асырылды:
Білімділігі: Ыбырай Алтынсариннің өмірі, шығармашылығы туралы білімдерін кеңейту.
Дамытушылығы: Оқушылардың ойлау, сөйлеу, зерттеу қабілеттерін дамыту, сөздік қорын молайту.
Тәрбиелеу: Оқушыларды Ыбырай Алтынсариннің өнегелі өлеңдері мен әңгімелерінен үлгі алуға, еліне, халқына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Төмендегідей құралдарды қолдану арқылы сабақ өз мақсаттарына жетті:
1. Интербелсенді тақта.
2. Жобалау технология.
3. Ыбырай Алтынсариннің өлеңдері, «Жан-жануарлардың дауласқаны» әңгімесінен көрініс, тұсау кесер, жұмбақтар, сөзжұмбақтар, тапсырмалар жазылған үлестірмелі қағаздар, тест жұмысы.
Барлық әдіс-тәсілдер, құралдар бірізді үш дидактикалық мақсаттарды асыруға көмектесті.
Оқу материалының мазмұны мен жұмыс түрлері бүкіл сабақ бойы студенттердің танымдық белсенділік әрекеттерін қолдау мақсатына бағытталып ұымдастырылды. Сабақта барлық студенттер белсенді қатысып, берілген тапсырмаларды уақытылы, дұрыс орындап отырды.