Техникалық және кәсіптік білім беру саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес «Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
2) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы білім алушыларға жатақхана беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті;
3) осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес «Техникалық және кәсіптік білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
3. Қостанай облысы әкімдігінің 2015 жылғы 9 қазандағы № 429 «Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5967 болып тіркелген, 2015 жылғы 6 қарашада, 10 қарашада «Қостанай таңы» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі А. Мұхамбетов
Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк
тiркеу тiзiлiмiнде 2016 жылғы 25 шілдеде
№ 6556 болып тіркелген