Жаңалықтар

25.02.2016 ж. СН-17 тобының, 1 курс студенттері арасында «Өз ойыны» ойыны өткізілді.

Ойын мақсаты: Сабақта алған білімін жинақтау, шеберлігін дамыту, тапқырлықты таныту,  таңдаған мамандығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігіне, командамен жұмыс жасау, жеке қасиеттерін танытуға  тәрбиелеу

 

Математика оқытушысы Т.Е.Нечаева білім алушылардың шығармашыл және таңымдық белсенділігін дамыту, жауапкершілікті тәрбиелеу, математика пәніне қызығушылықты арттыру мақсатында математика бойынша жарыстарды ұйымдастырды.

23 ақпанда колледждің салтанатты линейкасында жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық бағыттағы жалпы білім беру пәндері бойынша олимпиада жеңімпаздарын марапатталуы өткізілді. 

  

 

 

20 ақпанда №3 ЖСМ шаңғы базасында «Лыжня здоровья-2016» шаңғы спортының фестивалі өтті. Осы іс-ара Қостанай қаласында шаңғы спортын дамыту, қала халқының арасында салауатты өмір салтын дәріптеу, қалалық құрамасын қалыптастыру үшін спортсмендерді анықтау мақсатында өткізілген.

 

 

Физика пәнінің оқытушысы Л. А. Кушнарёва ҚҚКСК студенттерімен бірлесіп«Физика маңызды! Физика қажет» атты кішігірім театрландырылған қойылымын ұйымдастырды. Бұл қойылым Республика залында өткізілді. Іс-шараның мақсаты: білім алушылардың зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту; өз көзқарасын дәлелдей білу шеберлігін дамыту, сұхбатты жүргізу шеберлігін дамыту. Өткізу нысаны: рөлдік ойыны.

Карта сайта