«Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» КМҚК қабылдау комиссиясының төрағасы Бимағанбетов Ерлан Амиргалиевич «СЕРПІН» бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын Алматы облысының түлектерімен кездесуден бастады. Д.А.Қонаев атындағы № 1мектебі, Қасым Қайсенов атындағы № 4 орта мектебі, № 3 орта мектебі, № 46 орта мектебі, № 30 орта мектебі, № 47 орта мектебінің оқушылары мен ата-аналарымен кездесу барысында «Серпін» бағдарламасының мүмкіндіктерін түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Ата-аналар тарапынан туындаған сұрақтарға жауап берілді.
• «СЕРПІН» бағдарламасы қандай жоба?
• Бағдарлама мақсаты
• Білім беру бағдарламалары
• Қостанай қаласы
• Колледж және жатақхана