2016 жылддың 22 қарашада Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің СК-10 тобының 1 курс студенттері Қостанай тарихи-өлкетану мұражайына барды.
Іс-шараның мақсаты студенттердің азаматтық-патриоттық қасиеттерін қалыптастыру, өй-өрісін кеңейту және танымдық қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту, студенттердің ізденушілік, зерттеушілік қызметінің тәжірибелік дағдыларын меңгеру, қосымша оқыту құралдары арқылы білім үдерісін жетілдіру.
Студенттерге әртүрлі экспозициялары бар мұражай залы бойынша өте қызықты және танымдық экскурсиясы өткізілді, біздің ата-бабаларымыз өмір сүрген кездегі тұрмысты, , еңбегін және олардың еңбегінің арқасында қаламыздың дамуын көруге және түсінуге көмектесті.
Студенттер біздің облысымызда 19-20 ғ.ғ. өмір сүрген түрлі халықтардың қолданылған көне заттарын аса қызығушылықпен қарап, тыңдады. Сонымен қатар «Қостанай облысы Ұлы Отан Соғысы жылдарында» залын көрді, соғыс ардагерлерінің фотопортреттері, ордендермен және медальдармен мараптталғандардың тізімі ұсынылды. Көрмелерінде наградалары мен марапаттау куәліктері, алғыс хаттары, майдандық хат алмасуларды, соғыс қатысушыларының жеке заттарын, қару макеттерін көрдік. Төрт қазақстандықтардың екеуі екі мәрте Кеңес Одағының Батыры аталғандарын студенттер ерекше мақтан тұтты, біздің жерлестер – Иван Павлов және Леонид Беда. Сонымен қатар студенттер өздері үшін Ұлт көшбасшысының тұлғасына деген зор құрмет пен мақтаныш сезіммен ҚР Тұңғыш Президенті Н.А.Назарбаевқа арналған экспозицияны пайдаланды.
Студентер мұражайға барғаннан зор әсер алды. Көрген экспонаттардан зор әсер алды. Экскурсия аяқталғаннан кейін студенттер экскурсия жүргізушілерін мұражайға баруға мүмкіндік ұсынғандары үшін алғыс білдірді.
А.Б. Әлпеисов, тарих оқытушысы.