«Цифрлық техника (түрлері бойынша)», «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша арнайы пәндер оқытушысы» бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Білім беру ұйымының атауы – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы – Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 68-үй, Абай даңғылы, 23-үй (екінші оқу корпусы).

Телефондар: 8-7142-54-28-15 (қабылдау бөлмесі), 8-7142-54-10-32 (вахта).

Электрондық пошта мекенжайлары: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Бос лауазымның атауы – «Цифрлық техника (түрлері бойынша)», «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша арнайы пәндер оқытушысы, 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және оларды дамытуға жәрдемдеседі;
  • оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
  • білім алушылардың сапалы білім, білік және дағдылар алуын қамтамасыз етеді;
  • оқу жоспарына және оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
  • білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;
  • жабдықты пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың міндетті тізбесін жүргізеді.

Еңбекақы төлеудің мөлшері мен шарттары – мамандығы бойынша жұмыс өтіліне байланысты ұсталымдарға дейін 171 307 теңгеден бастап. Ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақының 10% мөлшерінде үстемеақы төленеді. Қосымша үстеме төлемдер (бар болған жағдайда): оқу кабинетіне меңгерушілік еткені, жазбаша жұмыстарды тексергені, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобында жұмыс істегені және біліктілік санаты үшін төленеді.

Біліктілік талаптары – жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды. Тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім болуы қажет.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 25 қарашадан бастап 3 желтоқсанға дейін.

Құжаттар тізбесі:

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алудың толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
  4. үлгілік біліктілік сипаттамаларымен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. психикалық, мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық байқауда тұрмауы туралы анықтама;
  8. наркологиялық науқастардың динамикалық байқауда тұрмауы туралы анықтама;
  9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болған жағдайда) немесе «педагог» мәртебесін беру туралы бұйрық;
  10. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 12-қосымшаға немесе 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  11. бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан (бар болған жағдайда) ұсыным хат.

Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерімен куәландырылады және мөрмен бекітіледі.

Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру тәртібі

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – қағаз түрінде.


Карта сайта