БІРЫҢҒАЙ ОБЛЫСТЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ
20 қарашада колледжде аутодеструктивті мінез-құлықтың, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың, буллинг пен кибербуллингтің алдын алу мәселелеріне арналған бірыңғай облыстық ата-аналар жиналысы өтті.
Жиналыс барысында кәмелетке толмағандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жасөспірімдер арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу және балалардың интернеттегі белсенділігіне ата-аналық бақылау жасау мәселелері қарастырылды.
Балаларды тәрбиелеу мен дамыту үшін қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастырудағы отбасының рөліне ерекше назар аударылды.



