«PRO-Текст» ӘДЕБИ КЛУБЫНЫҢ АШЫЛУЫ

27 қазанда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі кітапханасында «Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны аясында «PRO-Текст» әдеби клубының ашылуы өтті.

«PRO-Текст» әдеби клубының ашылуы

Клубтың алғашқы қонағы жазушы, ақын және суретші Олеся Дубиковская болды. «Қазіргі әдебиет: нені және не үшін оқиды? Не туралы жазады?» тақырыбында өткен шығармашылық кездесуге ЭМО-26/1 және СК-26 топтарының студенттері қатысты.

Кездесу барысында қатысушылар қазіргі әдебиеттің ерекшеліктерін талқылап, жазушының шығармашылығымен танысты. Сонымен қатар әдеби сюжет құрастыруға арналған интерактивті тапсырмаға қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттерін сынап көрді.

«PRO-Текст» әдеби клубының ашылуы студенттердің кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға және шығармашылық әлеуетін дамытуға бағытталған маңызды қадам болды.

Карта сайта