БОС ЛАУАЗЫМҒА ОРНАЛАСУҒА АРНАЛҒАН КОНКУРСТЫҢ
НӘТИЖЕЛЕРІ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАМА

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға үміткерлер ұсынған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату қағидаларын басшылыққа ала отырып, бірауыздан төмендегідей шешім қабылдады:

1. «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы» лауазымына қатысушы ЖЕНИС БАЛГАЗАУЛЫ ГАРИБЖАН Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылсын.

2. «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері лауазымына қатысушы ЖЕНИС БАЛГАЗАУЛЫ ГАРИБЖАН Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылсын.

3. Қатысушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығында көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылсын және келесі бос лауазым бойынша конкурс өткізілмеді деп есептелсін:

  • «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы, 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік.

Конкурстық комиссия Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығын басшылыққа ала отырып, төмендегідей шешім қабылдады:

Кандидаттардың портфолиосы болмауына байланысты келесі бос лауазымдар бойынша конкурс өткізілмеді деп танылсын:

  • «Электр жабдықтары», «Цифрлық техника», «Медициналық техниканы монтаждау, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандықтары бойынша арнайы пәндер оқытушысы, 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік;
  • «Баспа ісі» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы, 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік;
  • «Эстетикалық косметология» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы, 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік;
  • математика пәнінің оқытушысы, 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік.

Карта сайта