«Информатика оқытушысы» бос лауазымына конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны «Информатика оқытушысы» бос лауазымына конкурс жариялайды.

Білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 68-үй, Абай даңғылы, 23-үй (екінші оқу корпусы).

Телефондар: 8-7142-54-28-15 (қабылдау бөлмесі), 8-7142-54-10-32 (вахта).

Электрондық пошта мекенжайлары: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Бос лауазымның атауы: информатика оқытушысы, 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • оқытылатын пәнді ескере отырып, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыру;
  • тұлғаның жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтау және олардың дамуына жәрдемдесу;
  • оқытудың тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдалану;
  • білім алушылардың сапалы білім, білік және дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету;
  • оқу жоспары мен оқу процесінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу;
  • білім беру процесі кезінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету;
  • жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын сақтау;
  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен құжаттардың міндетті тізбесін жүргізу.

Еңбекақы төлеу мөлшері мен шарттары: мамандығы бойынша жұмыс өтіліне байланысты салықтар мен міндетті ұсталымдарға дейін 171 307 теңгеден бастап. Ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақының 10%-ы мөлшерінде үстемеақы төленеді. Қолданыстағы тәртіпке сәйкес қосымша төлемдер көзделуі мүмкін: оқу кабинетін меңгергені, жазбаша жұмыстарды тексергені, ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылар тобында жұмыс істегені және біліктілік санаты үшін.

Біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша кәсіптік білім. Жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 12–20 қазан аралығы.

Құжаттар тізбесі:

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе сәйкестендіру үшін цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат;
  3. нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген (бар болған жағдайда) кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ;
  4. лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына және үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес білім туралы құжаттардың қосымшаларымен бірге көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық байқауында тұрмайтыны туралы анықтама;
  8. наркологиялық науқастардың динамикалық байқауында тұрмайтыны туралы анықтама;
  9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болған жағдайда) немесе «педагог» мәртебесін беру туралы бұйрық;
  10. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 17 және 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  11. бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыным хат (бар болған жағдайда).

Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерімен куәландырылады және мөрмен бекітіледі.

Карта сайта