«Қосымша білім беру педагогі

(жұмыс бағыты – дебат, волонтерлік, КВН)»

бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны қосымша білім беру педагогі (жұмыс бағыты – дебат, волонтерлік, КВН) бос лауазымына конкурс жариялайды. Бос лауазым – 1,0 мөлшерлеме, 1 бірлік.

Білім беру ұйымының атауы: Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 68-үй; Абай даңғылы, 23-үй (екінші оқу корпусы).

Телефондар: 8-7142-54-28-15 (қабылдау бөлмесі), 8-7142-54-10-32 (вахта).

Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра..

Бос лауазымның атауы: қосымша білім беру педагогі (жұмыс бағыты – дебат, волонтерлік, КВН), 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • Қосымша білім беру саласында білім алушылардың әртүрлі шығармашылық қызметін ұйымдастырады;
  • Үйірмелердегі, секциялардағы, студиялардағы, клубтық және басқа да балалар бірлестіктеріндегі білім алушылардың құрамын жасақтайды, оқу кезеңі ішінде олардың контингентін сақтап қалу бойынша шаралар қабылдайды;
  • Қосымша білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысады, сабақ жоспарлары мен іс-шаралар бағдарламаларын құрастырады және олардың орындалуын қамтамасыз етеді;
  • Белгіленген құжаттаманы жүргізеді;
  • Психофизиологиялық орындылықты ескере отырып, жұмыс нысандарын, құралдары мен әдістерін педагогикалық тұрғыдан негіздеп таңдайды;
  • Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін анықтайды, олардың тұлғалық дамуына және білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал етеді;
  • Білім алушылардың өз бетінше жұмыс істеуін, оның ішінде зерттеу қызметін ұйымдастырады, білім беру процесіне инновациялық технологияларды енгізеді және оқытудың практикамен байланысын қамтамасыз етеді;
  • Білім алушылардың жетістіктерін қадағалайды және талдайды;
  • Білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін бағалайды;
  • Дарынды және талантты білім алушыларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдайды;
  • Білім алушылардың әртүрлі деңгейдегі және бағыттағы іс-шараларға қатысуын ұйымдастырады;
  • Білім алушылардың каникул кезіндегі демалысын ұйымдастыруға қатысады;
  • Сабақ өткізу кезінде қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі қағидаларының сақталуын қамтамасыз етеді, білім алушылардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін жауапты болады.

Еңбекақы төлеудің мөлшері мен шарттары: салықтар мен міндетті ұсталымдарға дейін 129 259 теңгеден бастап (білім деңгейіне, мамандығы бойынша еңбек өтіліне және қолда бар біліктілік санатына байланысты). Ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақының 10%-ы мөлшерінде үстемеақы, сондай-ақ тиісті негіздер болған жағдайда біліктілік санаты үшін және басқа да қосымша төлемдер қарастырылған.

Біліктілік талаптары: жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де кәсіптік білім; педагогикалық бейіндегі немесе тиісті бейін бойынша техникалық және кәсіптік білім не педагогикалық қайта даярлаудан өткенін растайтын құжат. Жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 2026 жылғы 12–20 қазан аралығы.

Құжаттар тізбесі:

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесі көрсетілген конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. Жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. Нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (бар болған жағдайда);
  4. Типтік біліктілік сипаттамаларында белгіленген лауазымның біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың қосымшаларымен бірге көшірмелері;
  5. Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген);
  7. Психикалық және мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық байқауында тұрмайтыны туралы анықтама;
  8. Наркологиялық науқастардың динамикалық байқауында тұрмайтыны туралы анықтама;
  9. Сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының бар екенін растайтын куәлік (бар болған жағдайда) не «педагог» мәртебесін беру туралы бұйрық;
  10. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 17 және 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
  11. Бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша) немесе оқу орнынан ұсыным хат (бар болған жағдайда).

Осы тармақтың 3) және 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттар жұмыс орны бойынша персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) немесе білім беру ұйымының жауапты қызметкерімен куәландырылып, мөрмен бекітіледі.

```

Карта сайта