«Эстетикалық косметология» мамандығы бойынша
«Арнайы пәндер оқытушысы»
бос лауазымына конкурс өткізу туралы
ХАБАРЛАНДЫРУ
Білім беру ұйымының атауы – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
Орналасқан жері, пошталық мекенжайы – индексі 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 68 үй.
Телефондар: 8-7142-54-28-15 (қабылдау бөлмесі), 8-7142-54-10-32 (вахта).
Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Бос лауазымның атауы – «Эстетикалық косметология» мамандығы бойынша арнайы пәндер оқытушысы – 1,0 мөлшерлеме, 1 бірлік.
Негізгі функционалдық міндеттері:
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
- тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және олардың дамуына жәрдемдеседі;
- оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
- білім алушылардың сапалы білім, іскерлік пен дағды алуын қамтамасыз етеді;
- оқу жоспары мен оқу үдерісінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
- білім беру үдерісі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді;
- жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
- білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.
Еңбекақы төлеудің мөлшері мен шарттары – мамандығы бойынша еңбек өтіліне байланысты ұсталымдарға дейін 171 307 теңгеден бастап, қосымша үстемеақылар (болған жағдайда) – оқу кабинеті меңгерушілігі үшін, жазба жұмыстарын тексергені үшін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобында жұмыс істегені үшін, біліктілік санаты үшін, ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақының 10% мөлшерінде үстемеақы.
Біліктілік талаптары – жұмыс өтіліне талап қойылмайтын, тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім.
Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап 02 қазанға дейін.
Құжаттар тізбесі:
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
- жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
- кадрларды есепке алудың толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
- Типтік біліктілік сипаттамаларымен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
- еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
- психикалық, мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық байқауда тұрмауы туралы анықтама;
- наркологиялық науқастардың динамикалық байқауда тұрмауы туралы анықтама;
- сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болған жағдайда);
- Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
- бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Ескертпе:
- жоғарыда көрсетілген тізбеден бір құжаттың болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады;
- кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелерін) бар болған жағдайда ұсынады;
- тиісті мамандық немесе бейін бойынша кемінде екі жыл өндірістік жұмыс өтілі бар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына арнайы пәндер педагогтері және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
Педагогтерді лауазымдарға тағайындау жөніндегі конкурс «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) электрондық форматта жүзеге асырылады.



