«Математика оқытушысы»

бос лауазымына конкурс өткізу туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

Білім беру ұйымының атауы – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы – индексі 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 68 үй.

Телефондар: 8-7142-54-28-15 (қабылдау бөлмесі), 8-7142-54-10-32 (вахта).

Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бос лауазымның атауы – математика оқытушысы, 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес оқытылатын пәнді ескере отырып, білім алушыларды оқытуды және тәрбиелеуді жүзеге асырады;
  • тұлғаның жалпы мәдениетінің қалыптасуына ықпал етеді, білім алушылардың жеке қабілеттерін анықтайды және олардың дамуына жәрдемдеседі;
  • оқытудың неғұрлым тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын, жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланады;
  • білім алушылардың сапалы білім, іскерлік пен дағды алуын қамтамасыз етеді;
  • оқу жоспары мен оқу үдерісінің кестесіне сәйкес білім беру бағдарламаларын әзірлеуге және орындауға қатысады;
  • білім беру үдерісі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығының сақталуын қамтамасыз етеді;
  • жабдықтарды пайдалану кезінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау талаптарын орындайды;
  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді.

Еңбекақы төлеудің мөлшері мен шарттары – мамандығы бойынша еңбек өтіліне байланысты ұсталымдарға дейін 171 307 теңгеден бастап, қосымша үстемеақылар (болған жағдайда) – оқу кабинеті меңгерушілігі үшін, жазба жұмыстарын тексергені үшін, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар тобында жұмыс істегені үшін, біліктілік санаты үшін, ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық айлықақының 10% мөлшерінде үстемеақы.

Біліктілік талаптары – жұмыс өтіліне талап қойылмайтын, тиісті бейіндер бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе кәсіптік білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 23 қыркүйектен бастап 02 қазанға дейін.

Құжаттар тізбесі:

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алудың толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
  4. Типтік біліктілік сипаттамаларымен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. психикалық, мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық байқауда тұрмауы туралы анықтама;
  8. наркологиялық науқастардың динамикалық байқауда тұрмауы туралы анықтама;
  9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болған жағдайда);
  10. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
  11. бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Ескертпе:

  1. жоғарыда көрсетілген тізбеден бір құжаттың болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады;
  2. кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелерін) бар болған жағдайда ұсынады.

Педагогтерді лауазымдарға тағайындау жөніндегі конкурс «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) электрондық форматта жүзеге асырылады.

Карта сайта