«Бөлім меңгерушісі» бос лауазымына конкурс өткізу туралы хабарландыру

Білім беру ұйымының атауы – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Орналасқан жері, пошталық мекенжайы – индексі 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 68 үй.

Телефондар: 8-7142-54-28-15 (қабылдау бөлмесі), 8-7142-54-10-32 (вахта).

Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бос лауазымның атауы – бөлім меңгерушісі 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • бөлімшедегі оқу және тәрбие жұмысын ұйымдастыруды және оған тікелей басшылық етуді жүзеге асырады;
  • оқу жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз етеді;
  • оқу сабақтарының кестесін жасау үшін материалдар дайындауды ұйымдастырады және олардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
  • оқу пәндерінің оқытылу сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды;
  • оқу топтары кураторларының жұмысын үйлестіреді;
  • студенттердің үлгерімін, сабаққа қатысуын және тәртібін бақылауды жүзеге асырады;
  • мемлекеттік стипендияны тағайындауға арналған құжаттарды дайындайды;
  • кәмелетке толмаған студенттердің ата-аналарымен (заңды өкілдерімен) түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады;
  • педагогикалық (әдістемелік) кеңесте қарау үшін материалдардың дайындалуын қамтамасыз етеді;
  • кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізуге қатысады, білім алушылар контингентін сақтау бойынша шаралар қабылдайды;
  • жаңа оқу жылына, семестрдің басталуына, емтихан сессиясына дайындық жұмыстарын ұйымдастырады;
  • оқытушылардың есептерді уақтылы тапсыруын, қолданыстағы нормаларға сәйкес құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді.

Еңбекақы төлеудің мөлшері мен шарттары – салықтар мен ұсталымдарға дейін 174 492 теңгеден басталады (мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, бар біліктілік санатына және т.б. байланысты), ерекше еңбек жағдайлары үшін лауазымдық ақының 10% мөлшерінде үстемеақы төленеді.

Біліктілік талаптары – жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім немесе тиісті бейін бойынша өзге де жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім, білім беру ұйымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 16–25 қыркүйек аралығы.

Құжаттар тізбесі:

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алудың толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
  4. Типтік біліктілік сипаттамаларымен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. психикалық, мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық байқауда тұрмауы туралы анықтама;
  8. наркологиялық науқастардың динамикалық байқауда тұрмауы туралы анықтама;
  9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болған жағдайда);
  10. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 17, 18 қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
  11. бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Педагогтерді лауазымдарға тағайындау жөніндегі конкурс «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде (https://hr-nobd.edu.kz/) электрондық форматта жүзеге асырылады.

Ескертпе:

  1. жоғарыда көрсетілген тізбеден бір құжаттың болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады;
  2. кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелерін) бар болған жағдайда ұсынады.

Карта сайта