ХАБАРЛАНДЫРУ
«Киім өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша
«Өндірістік оқыту шебері» бос лауазымына конкурс өткізу туралы

Білім беру ұйымының атауы – Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қызмет көрсету саласының колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Оналасқан жері, пошталық мекенжайы – индексі 110000, Қазақстан Республикасы, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Н. Назарбаев даңғылы, 68 үй.

Телефондар: 8-7142-54-28-15 (қабылдау бөлмесі), 8-7142-54-10-32 (вахта).

Электрондық пошта мекенжайы: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра., Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Бос лауазымның атауы – «Киім өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері, 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік.

Негізгі функционалдық міндеттері:

  • өндірістік оқыту бойынша практикалық сабақтар мен оқу-өндірістік жұмыстарды жүргізеді;
  • сабаққа арналған жабдықтар мен тиісті құрал-жабдықтарды дайындайды, материалдық базаны жетілдіреді;
  • еңбек қауіпсіздігінің сақталуын, білім алушылардың озық еңбек әдістерін, заманауи техника мен өндіріс технологиясын меңгеруін, жабдықтарға қызмет көрсету мен пайдалануды, материалдық және энергетикалық ресурстарды үнемді жұмсауды қамтамасыз етеді;
  • білім алушыларды біліктілік жұмыстарын орындауға және біліктілік емтихандарын тапсыруға дайындайды;
  • өндірістік оқыту мен кәсіби практиканы жоспарлау, есепке алу және есеп беру, топтағы тәрбие жұмысын жоспарлау және есепке алу құжаттамасын жүргізеді;
  • білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен міндетті құжаттар тізбесін жүргізеді;
  • оқу шеберханаларын жабдықтармен және құрал-саймандармен, материалдармен, қосалқы бөлшектермен және оқыту құралдарымен уақтылы қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдайды;
  • технологиялық құжаттаманы, сызбаларды, эскиздерді, эталондарды дайындайды;
  • оқу үдерісінде ғылыми-әдістемелік ұсынымдарды, озық педагогикалық және өндірістік тәжірибені пайдаланады;
  • білім алушылардың еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария талаптарын сақтауын бақылайды;
  • техника қауіпсіздігі бойынша нұсқамалар жүргізеді.

Еңбекақы төлеудің мөлшері мен шарттары – ұсталуға дейін 129 259 теңгеден бастап (білім деңгейіне, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне, бар біліктілік санатына және т.б. байланысты), қосымша үстемеақылар (бар болған жағдайда) – зертхананы меңгергені, өндірістік оқытуды ұйымдастырғаны, қызмет көрсету аймағын кеңейткені, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін топта жұмыс істегені, біліктілік санаты үшін және т.б.

Біліктілік талаптары – тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім немесе жұмыс өтіліне талап қойылмайтын техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім.

Құжаттарды қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 27 тамыздан бастап 07 қыркүйекке дейін.

Құжаттар тізбесі:

  1. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттар тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
  2. жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
  3. кадрларды есепке алудың толтырылған жеке парағы (нақты тұрғылықты жерінің мекенжайы және байланыс телефондары көрсетілген – бар болған жағдайда);
  4. Типтік біліктілік сипаттамаларымен лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білім туралы құжаттардың көшірмелері;
  5. еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болған жағдайда);
  6. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
  7. психикалық, мінез-құлық бұзылыстары бар науқастардың динамикалық байқауда тұрмауы туралы анықтама;
  8. наркологиялық науқастардың динамикалық байқауда тұрмауы туралы анықтама;
  9. сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болған жағдайда);
  10. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату қағидаларына 17, 18-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған Бағалау парағы;
  11. бұрынғы жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.

Педагогтерді лауазымдарға тағайындау жөніндегі конкурс «Педагогті жұмысқа қабылдау» модулінде электрондық форматта жүзеге асырыладыhttps://hr-nobd.edu.kz/

Ескертпе:

  1. жоғарыда көрсетілген тізбеден бір құжаттың болмауы кандидатқа құжаттарды қайтару үшін негіз болып табылады;
  2. кандидат біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелерін) бар болған жағдайда ұсынады;
  3. тиісті мамандық немесе бейін бойынша кемінде екі жыл өндірістік жұмыс өтілі бар, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымына арнайы пәндер педагогтері және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.

Карта сайта