Бос орынға конкурс нәтижелері туралы
ХАБАРЛАМА

Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға үміткерлердің ұсынған құжаттарын қарап шығып, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату Қағидаларын басшылыққа ала отырып (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы), бірауыздан келесі шешім қабылдады:

1. МУРАТОВ АЛМАЗ ОМУРЗАКОВИЧ қатысушысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танып, «Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы» лауазымына тағайындау.

2. ЩЕПОТЬЕВА ОЛЬГА АНАТОЛЬЕВНА қатысушысын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танып, «Жатақхана тәрбиешісі» лауазымына тағайындау.

3. Қатысушылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығымен көзделген біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп танылсын және келесі бос лауазымдар бойынша конкурс өтпеді деп есептелсін:

  • қосымша білім беру педагогі (хореография) 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік;
  • мұғалім-дефектолог 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік;
  • арнайы пәндер оқытушысы (шаштараз өнері) 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік.

Конкурстық комиссия мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтері лауазымдарына тағайындау, лауазымдарынан босату Қағидаларын басшылыққа ала отырып (Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 бұйрығы), келесі шешім қабылдады:

Келесі бос лауазымдарға кандидаттардың портфолиосы жоқ болуына байланысты конкурс өтпеді деп танылсын:

  • «Киімді тігу өндірісі және үлгілеу» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері (оқыту мемлекеттік тілде) 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік;
  • «Медициналық техниканы монтаждоу, техникалық қызмет көрсету және жөндеу» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік;
  • «Цифрлық техника (түрлері бойынша)» мамандығы бойынша өндірістік оқыту шебері 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік;
  • математика пәнінің оқытушысы (оқыту мемлекеттік тілде) 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік;
  • арнайы пәндер оқытушысы (цифрлық техника, электр жабдықтары) 1,0 мөлшерлеме – 1 бірлік;
  • орыс тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы 0,6 мөлшерлеме – 1 бірлік;
  • бастапқы әскери және технологиялық дайындық оқытушысы 0,6 мөлшерлеме – 1 бірлік.

Карта сайта