2026 жылғы 18 маусымда еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы жөніндегі инженер Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Қостанай облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекторымен бірлесіп колледж ұжымымен ақпараттық-түсіндіру кездесуін өткізді. Іс-шара барысында Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасы, еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы мәселелері қарастырылды. Қызметкерлердің құқықтары мен міндеттеріне, өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Карта сайта