2026 жылғы 3 маусымда Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінің студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күніне орай Qostanai Hub ұйымдастырған қалалық Build Battle турниріне қатысты. Арнайы пәндер оқытушысы Ағел Ерсұлтан Елтайұлының жетекшілігімен колледж командасы жарыста оқу орнын лайықты таныстырды. Турнир қорытындысы бойынша МЦТ-25 тобының студенті Штукерт Владислав Валерьевич жалпы есепте ІІ орынға ие болды. Қатысушыларды табысты өнер көрсетуімен құттықтап, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!

Карта сайта