25 мамыр күні Қостанай қызмет көрсету саласының колледжінде Студенттік парламенттің қорытынды көктемгі сессиясы өтті. Парламент төрайымы Е. Веретенникова бір жылдық жұмыстың қорытындысын шығарып, жетістіктер мен негізгі қиындықтарды атап өтті. Төрайым орынбасары В. Бурбаева Ю. Грибовскаяның «Креатив» дизайнерлік студиясын құру бастамасын таныстырды. Парламент жұмысын одан әрі дамыту бойынша ұсыныстармен А. Абузяров, В. Ситкин және Д. Колобова сөз сөйледі. Сессияға колледж директоры Дина Булатовна Жанарстанова қатысып, студенттік бастамаларды қолдап, колледждің ең белсенді МЦТ-25 тобын және дебат турнирлерінің үздік спикерлерін марапаттады.  

Карта сайта